Францияның Қазақстан экономикасына құйған инвестициясының көлемі шамамен 18,7 млрд долларды құрады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президенті Эммануэль Макронмен кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.