Жамбылда жиналған пияздың 60 пайызы экспортқа шығарылмай, толық шіріп кетуі мүмкін. Өйткені, өңірдегі көкөніс сақтайтын 100-ден аса қойманың тең жартысы талапқа сай емес. Тозығы жеткен, тоңазытқышы жоқ. Әзірге Әулиеата өңірі бойынша, былтырдан қалған 116 мың тонна пияз сақтаулы тұр.