Каспий теңізі соңғы 15 жылда 2 метрге тартылған. Ал, биыл жаздан бері судың деңгейі тіпті, түсіп барады дейді, мамандар. Көк айдынның ахуалы көпті мазалап отыр. Осы мәселеге Президент алаңдаушылық танытып, теңіздің проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу институтын құруды тапсырды.