Мұсылмандарда қасиетті үш ай бар. Ережеп айы - соның бастауы. Оның артынан іле-шала Шағбан және Рамазан айлары келіп жетеді. Қазақстан мұсылмадары діни басқармасы бұл айда игі амалдарға мол сауап жазылатынын, құлшылықтар мен дұғалар қабыл болатынын айтады, деп хабарлайды Zakon.kz.