2024 жылдың басынан бері республикалық бюджеттен 306,8 млрд теңге зейнетақы төленді, оның 96,4 млрд теңгесі базалық зейнетақыны төлеуге, 210,4 млрд теңгесі ынтымақты зейнетақыны төлеуге бағытталды. Бұл туралы 26 ақпанда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.