Биыл Сырдария өзенінде су мол. Соның арқасында Қызылорда облысындағы көлдер жүйесі қалыпқа келе бастады. Әсіресе, қуаңшылық кезінде деңгейі түсіп кеткен Кіші Арал теңізіне бүгінгі күні бір миллиард текше метрден астам су құйылды, деп хабарлайды Zakon.kz.