Сыр елінде Ұлыстың ұлы күні кең көлемде тойланып жатыр. Аймақтың әр ауданы мен ауылдарында киіз үйлер тігіліп, тұрғындар үшін мерекелік концерттер ұйымдастырылды. Бүгін Қызылорда қаласында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен "Наурыз - береке бастауы" атты мерекелік шара өтті.