"Майқайыңалтын" аумағындағы іздестіру-құтқару жұмыстарына қосымша техника жетті. Жұмыстарға жалпы салмағы 3,5 тонна шағын экскаватор тартылды. Ол ауыр техника жол ашқаннан кейін, шұңқырдың түбінде қазба жұмыстарын жүргізуге қатысады, деп хабарлайды Zakon.kz.