Петропавлда айлық нормадан да артық жаңбыр жауған. Салдарынан жаңбыр суы тұрғын үйлердің подъезіне дейін кіріп, бүтін ықшам аудандарды да басқан. Қалада жарық сөнген. Тіпті, су сорғысы мен коммуналдық сала қызметкерлері жаңбыр суын игере алмай қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.