Бүгін Алматыда 7 жастағы қыздың өліміне қатысты сотта әкесі жауап берді. Ол тергеушілерге "Бала өзі құлады" деп жауап беруге әйелі көндіргенін айтты. Айыпталушы орындығында да қазір сол өгей шешесі отыр. Бүгінгі сотта ерлі-зайыпты кішкентай Каринаның қазасына бірін бірі айыптады.