Оралда ерекше әдіспен ұлттық киім-кешек тігетін шебер тұрады. Ісінің алға басуына ұлттық құндылығымызды ұлықтауға арналған "Ұлттық сезім" жобасы да серпін берді. Шүберек сөмке, дастархан жабдығының да түр-түрін тігетін ісмер келешекте қайтарымсыз қаржы алып, кәсібін кеңейткісі келеді.