ҚР Көші-қон саясатының 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес "Ата жолы" картасы шетелде тұратын этникалық қазақтарға азаматтығын жоғалтпастан беріледі. Бұл туралы ҚР ЕХӘҚМ Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Испанов мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.