Kia автокөлігінің жүргізушісі әйелімен бірге жол бөлігін кесіп өтіп бара жатқан 1976 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Бәйтереков көшесінде (Астана даңғылына жетпей) болған жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші есін жимай, сол жерде көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.