"Қазгидромет" РМК 12 наурызға арналған ауа райы болжамымен бөлісті. Синоптиктер республикамыздың шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын болатынын болжайды. Еліміздің батысында 20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.