Таразда жаңбыр жауып, жол түнгі аяздан көк мұзға айналған. Көлік қозғалысы қиындап, жалтыраған көшеде көлік түгілі, адамның өзі жүре алмай құлап, жарақат алып жатыр. Ауруханалардағы травматология бөліміне түсушілер саны күрт артып, жұмыс көлемі аяқ-асты артқан, деп хабарлайды Zakon.kz.