Түркістан облысында 1 жастан асқан бала әжетхананың ойығына түсіп кетті. Оқиға Қазығұрт ауданында орын алған. Оны анасы дер кезінде байқап, 10 жасар ұлын көмекке шақырған, Ол беліне арқан жіп байлап, анасының демеуімен кішкентай бауырын өлімнен арашалап қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.