Армения мен Әзірбайжан шекарасында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) қатысуымен әскери күш қолдану туралы әңгіме жоқ. Бұл туралы бейсенбі, 15 қыркүйекте өткен брифинг барысында ҰҚШҰ Біріккен штабының басшысы Анатолий Сидоров айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.