Ақтауда оқушылар робототехниканы балабақша тәрбиеленушілеріне үйретіп жүр. 10-шы сынып оқушылары осы бағытта бірегей бағдарлама да әзірлеген. Инновациялық жоба «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған білім беру мекемелеріне енгізіліпті. Сонымен бірге жас өнертапқыштар виртуалды музей жасап шығарды. Бұл жоба да мектеп бағдарламасында қолданыла бастады.