Ақтөбе облысында құтқарушылар жеке тұрғын үйлерді аралап, өрт қауіпсіздігін қадағалап жүр. Оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында өңірде «Қауіпсіз үй» акциясы өтіп жатыр. Шараға төтенше жағдайлар департаменті өкілдерімен қатар газ тасымалдау қызметі және энергетика саласы мамандары да жұмылдырылған.