Келер аптада елімізде педагогикалық жоғары оқу орындары өкілдерінің қатысуымен кеңес өтеді. Онда қордаланған мәселелер назарға алынып, күн тәртібіндегі мақсат-міндеттер айқындалады. Бұл жайында Премьер-министрдің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева фейсбук желісі арқылы хабарлады.