Енді елімізге сырттан алма әкелуге болмайды. Ауыл шаруашылығы министрлігі импортқа шектеуді тек уақытша, яғни жыл соңына дейін ғана енгізілгенін айтады. Құжат кеше күшіне енді. Оған сәйкес алманы көліктің кез келген түрімен үшінші елдерден Қазақстан аумағына кіргізуге тыйым салынады.