9 желтоқсан күні сағат 22:30-да Алматыда басталған жауын-шашын түн жарымда қалың қарға ұласты. 10 желтоқсан сағат 07:00-дегі мәлімет бойынша қардың қалыңдығы 35 сантиметрге жетті. Бұл айлық норманың жартысына жуығы. Мұны Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілдері хабарлады.
Алматыда қалың қарға байланысты коммуналдық қызмет күшейтілген режимге көшті
Өмір