Қызылордада жалған қызметтік куәлікпен жүрген 34 жастағы қала тұрғыны ұсталды деп хабарлады turkystan.kz. Қызылорда қалалық полиция басқармасы жедел басқару орталығының бейнекамерасы қаладағы орталық көшелердің бірінде автокөлік иесінің жол ережесін бұзғанын анықтады. Бұл бойынша полицейлерге бағыт-бағдар беріліп, көлік тоқтатылды. «Патрульдік полиция қызметкерлері көлік иесін тоқтатқан сәтте жүргізуші өзін «Антикордың қызметкерімін» деп таныстырып, қызметтік куәлігін ұсынған. Тексеру …