Сөз бостандығы журналистердің қоғам үшін маңызды мәселелерді ашық жариялау мүмкіндігімен ғана шектелмейді. Ол әр адамның өз мәселесін еркін айту, мүддесін қорғау және қоғамдық өмірге қатысу құқығын да қамтиды. Варшавада өткен ЕҚЫҰ-ның Адами өлшем жөніндегі конференциясында әлеуметтанушы, Қазақстандық қоғамдық даму институты орталығының директоры Эльмира Отар ашық диалогтың, ақпараттың қолжетімділігі мен азаматтарды кемсітушіліктен қорғаудың маңызы туралы айтты. …