Қазақстан Қарулы күштерінде әскери қызметшілердің құқығын қорғауға бағытталған арнайы өтініштерді қабылдаудың цифрлық жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды «24KZ». Жаңа сервистің басты мақсаты - әскер қатарындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және әскери ұжымдарда «Заң және тәртіп» қағидатын нығайту.