Астанада «Сенім» атты ақша тарихына арналған музей ашылды. Астана халықаралық қаржы орталығы аумағында орналасқан мұражайда тас ғасырынан бастап қазіргі заманға дейінгі ақшаның трансформациясын көрсететін жәдігерлер жиналған. Олардың дені қазіргі Қазақстан аумағынан табылған құнды ескерткіштер.