Астанада қоғамдық көлікте жол жүру ақысы қымбаттайтын болды. Қала әкімдігінің хабарлауынша, жаңа тариф қазан айының соңына қарай күшіне енеді. Қалалық автобустарда жолақыны қолма-қол ақшасыз төлеу құны 110 теңгеден 150 теңгеге дейін өседі. Дәл осындай тариф әлеуметтік маңызы бар бағыттарда да қолданылады. Қалалық экспресс бағыттарда жолақыны қолма-қол ақшасыз немесе жол жүру құжаты арқылы төлегенде бір сапар құны …