Астананың Сарыарқа ауданында орналасқан «Палау орталығында» өрт болды. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, нысан Бейсекова көшесіндегі сауда үйі аумағында орналасқан, деп хабарлайды Orda.kz. Өрт жеке тұрған ғимаратта шыққан. Жалын шатырды және асүй бөлмелерін шарпыған. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар 12 минут ішінде өртті оқшаулады. Жалпы 40 шаршы метр аумақтағы өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. …
Өмір