Аягөзде көз жұмған жас офицер Нұрсұлтан Алдамұратовты туған-туыстары екі күн бұрын соңғы сапарға шығарып салды. Биыл маусымда 26 жасқа толған офицер Қызылорда облысы Арал ауданындағы өзінің туған ауылы Саздыда жерленді. Аягөз гарнизоны таратқан ақпаратта Алдамұратовтың өлімі жайлы «офицердің денесі үйінен табылды, алдын ала ақпарат бойынша офицер өзіне-өзі қол жұмсаған» делінген. Алайда марқұмның туған-туыстары бұл нұсқаға күмәнмен қарайды. Ulysmedia.kz порталына берген мәліметінде олар нақты неден күдіктенетінін айтып берді.