Бүгін – ұлттық намыстың символы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, публицист, Алаш автономиясының негізін қалаушы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның дүниеге келген күні, деп хабарлайды Bugin.kz Қазақ халқының саяси бостандығы жолында аянбай еңбек еткен Әлихан Бөкейхан — еліміздің алғашқы саяси партиясының жетекшісі, ірі мемлекет қайраткері және тарихымызда өшпес із қалдырған бірегей ғалым. Оның есімі ұлттық сана-сезім мен мемлекеттік егемендіктің символына айналды.