Дубайға жұмыс істеуге кетіп, жұмбақ жағдайда өмір бойына сотталған 22 жастағы Қазақстан азаматы Ернұр Алмаханның жақындары президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен сыртқы істер министрлігінен көмек сұрады. Олардың айтуынша, қазір Ернұрдан хабар жоқ. Оның қандай айыппен сотталып жатқаны да белгісіз.