Әлем туристерін магнитше тартып, сұлу да маңғаз қалпымен баураған Дубайда қазір қонақ аз. Иран мен АҚШ-Израиль соғысы басталғалы бұл қаладан да тыныштық кеткен. Бұрын әлемдегі ең қауіпсіз қала саналса, қазір жарылыс үнін күнде есту қалыпты құбылысқа айналған. Дубайда тұратын отандасымыз Ұлдана Сұлтанованың айтуынша, жергілікті тұрғындар өздерін қауіпсіз сезінгенімен, қатерден 100% қорғалмаған. Өйткені сонда орналасқан америкалық нысандарға кез келген уақытта бомба тасталуы ғажап емес. Оның зардабын соғысқа еш қатысы жоқ қаланың бейбіт тұрғындары тартуы мүмкін.
Өмір