Қазақстандық мұғалімдер желіде қазақша түсінбейтін, туған тілінде сауатты оқып-жаза алмайтын оқушылар көбейгенін айтып, дабыл қақты. Ұрпақ мәңгүрттеніп барады деп алаңдаған ұстаздар оқу жүйесін өзгертуді, жүктемелерін азайтып, оқушылармен көбірек жұмыс істеуге мүмкіндік беруді сұраған. Қазақ балаларының сауаты неге төмендегенін және бұл мәселенің қандай шешімі барын Ulysmedia.kz тілшісі сарапшылардан сұрап көрді.