Екібастұздағы Мәшһүр Жүсіп – Пішембаев көшелерінің қиылысында қайғылы оқиға орын алды деп хабарлады turkystan.kz. Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратынша, кәріз құбырларын тазарту кезінде кран мұнарасы электр сымына тиіп кеткен. Салдарынан сол арада жұмыс істеп жатқан ЖШС-лардың бірінің жұмысшысы қаза тапты. Тексеру жүргізіліп жатыр. Орын алған қайғылы жағдайға қатысты өзге ақпараттар берілмеген.