Елде өз өмірін сақтандыратын азаматтардың саны 25 пайызға артқан. Сала сарапшылары «оң динамикаға тұрғындардың қаржылай сауаттылығының артуы себеп», - дейді. Одан өзге түрлі мемлекеттік ынталандырулар, компаниялар арасындағы бәсекелестік те халықтың белсенділігіне әсер етіп отыр. Жалпы алғанда бұл сақтық шаралары не үшін керек?