22 мен 31 желтоқсан аралығында елдегі барлық супермаркеттерде «Bereke fest» акциясы басталады. Науқан аясында әлеуметтік маңызы бар тауарлар төмендетілген бағада сатылады. Сондай-ақ, мереке қарсаңындағы қымбатшылықты болдырмау мақсатында өңірлерде ай бойы 800-ден аса азық-түлік жәрмеңкесі өтеді. Қазірге дейін 149-ы ұйымдастырылды. Бұл жайында елорда өткен Инфляцияны тұрақтандыру жөніндегі кезекті кеңесте айтылды. Жиынға Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин төрағалық етті.
Өмір