Елдің оңтүстігінде медициналық инфрақұрылым жаңғырады. Шымкентте ана мен жаңа туған нәрестелерге жоғары деңгейде көмек көрсетуге арналған перинаталдық орталық салынып жатыр. Түркістан облысында да көпбейінді аурухана мен перинаталдық орталықтың құрылысы басталды. Ірі жобалар Президенттің халыққа жолдауында жүктелген тапсырмасы аясында жүзеге асырылды.