Қазақстанда Наурыз бағдарламасы табысты жұмыс істеп келеді. Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен іске қосылған болатын. Бағдарлама арқылы бүгінде 15 мыңнан астам азамат жаңа баспанасының кілтін алып, қоныс тойын тойлады. Қазір қайта өтінім қабылдау жүріп жатыр. Оған азаматтар «Отбасы банк» сайтында өтініш бере алады. Ипотека алуға кімнің үміті бар? Оның басты шарттары қандай?