Астанадағы емханалардың фильтр кабинеттері күшейтілген жұмыс кестесіне көше бастады. Енді ақхалаттылар демалыс күндері де науқастарды қабылдайды. Өйткені кейінгі айда тұмау мен ЖРВИ-дің күрт таралуы байқалды. Дәрігерлер науқастарды емдеумен қатар аурудың алдын алу бойынша жан-жақты кеңес беріп жатыр.