Ақмола облысының Ақкөл қаласында мас күйде сәбиін емізіп отырған әйел ұйықтап кеткен. Соның салдарынан қолындағы сәбиін абайсызда тұншықтырып алған. Сотта анықталғандай, әйел оянған кезде сәбиінің қозғалыссыз жатқанын байқап, жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер баланың ауа жетіспеуі салдарынан көз жұмғанын анықтаған. Сот отырысында прокурор әйелге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады. Сот жазаны белгілеу кезінде әйелдің жасаған …