Қанды оқиға болатын түні 16 жастағы Нұрила дәл осы әпкесінің үйінен келген. Туыстарының сөзінше, кілт далада қалып кеткен болуы керек. Сөйтіп, түнгі екіде келген қаскөй ұйқыда жатқан жесір келіншекті басынан кірпішпен төмпештеп, кейін бойжеткенге қол жүгірткен. Зорлық көрген 10-сынып оқушысының ажалмен арпалысқан дауысы көршілерге жетіпті