Сенат депутаттары мәжілістің жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңға енгізген бірнеше түзетулерін қабылдамай, кері қайтарды. Халық арасында қызу талқыланып жатқан кейбір ережелерді түзетуді ұсынған. Нақты айтар болсақ, бұралқы жануарлардың популяциясын реттеу кезінде «эвтаназия» терминін алып тастау туралы ұсыныс жасалып отыр. Бұл ереже мәжіліс қабылдаған заң жобасының 15-бабында болатын. Сенат «эвтаназия» терминін заңнамадан алып тастау қажет деп санады, …