Алдын ала есеп бойынша, келтірілген материалдық шығын 90 млн теңгеден асқан. Оқиғалардың басым бөлігі жеке сектордағы үйлерде болған. Өрт салдарынан жарақат алғандар да, қайтыс болғандар да бар. Төтенше жағдайлар департаментінің инспекторлары облыс бойынша күн сайын алдын алу рейдтерін өткізіп, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіріп жүр.