Түркістан облысының Арыс, Шардара, Отырар аудандарында шыбын-шіркей қаптап кетті деп хабарлады turkystan.kz sputnik.kz-қа сілтеме жасап. Атап айтқанда, Көксарай су қоймасы мен Сырдарияның жағасындағы елдімекен тұрғындары жәндікке таланып жатыр. Зиянкестердің көп болғандығынан тұрғындар далаға шығудан қалды. Отырар ауданына қарасты Сарыкөл ауылының тұрғындары маса мен шыбын-шіркейден әбден зардап шекендерін айтты. «Балабақшада балаларды далаға мүлде шығара алмаймыз. Таңертең …