Жидек теріп жүрген әйелді атып өлтірген ер адам оқиғасы: Жазасы анықталды

Солтүстік Қазақстан облысында жидек теріп жүрген әйелді елікпен шатастырып, абайсызда атып өлтірген Сергей Лосеняға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.   Мамлют аудандық сотының мәліметінше, ведомство қылмыстық істі қылмыстық кодексі 104-бабының 1-бөлігі, 287-бөлігі 3-бөлігі, яғни абайсызда өлтіру және атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау, алып жүру бойынша қарады.   Ер адам оптикалық көздеуіші бар иір ойықты спорттық-аңшылық қаруды және 5,6 мм калибрлі патрондарды заңсыз сатып алып, үйінде сақтап келген.   2022 жылдың 11 маусымында ол ауыл арасындағы жолмен Жамбыл ауданы Бауман стансасына бармақ болады. Жолда бидай алқабында жүрген әйелді елік деп қалып, оны қолындағы мылтығымен атады. Салдарынан әйел иығынан жараланып, кейін сол жарақатынан қайтыс болды.   Сотталушының кінәсін куәгерлер де растады, жиналған материалдар арқылы да толық дәлелденді.   Прокурор ер адамды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Зардап шегушілер де бұл жазамен келісті.   Сотталушы қылмыс жасағанын мойындады.   Сот үкім шығарарда оның шын жүректен өкініш білдіруін және қылмысты спирттік ішімдік ішіп жасағанын есепке алды. Нәтижесінде барлығын ескере отыра ер адамды 3 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде атқарады.   Сондай-ақ зардап шеккен тарапқа 3 млн теңге моральдық шығынның орнын толтырды.   Соттың үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.   Естеріңізге салайық, Сергей Лосеня аң аулауға шығып, 52 жастағы Алтынай Мұздақпаеваны абайсызда атып алған еді. 65 жастағы ер адам жидек теріп жүрген әйелді аңмен шатастырып алған. Кейін осы оқиғаға қатысты полицияның учаскелік инспекторы да қамауға алынды.

Читать источник bugin.kz
Ескендір Қыбырай арқа асып Атырауға аттанды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Қазақ тапқандар бар: Үндістанда тікұшақ апатқа ұшырады
Қаза тапқандар бар: Үндістанда тікұшақ апатқа ұшырады
Жасұлан Темірбаев орыс тілінде шала сөйлегені үшін «Болашақ» бағдарламасына оқуға түсе алмаған
Алтынай Жорабаева жолдасының арманы жайлы айтты
Шектен тыс сауда жасау миға зиян келтіреді
Ғалымдар шамадан тыс ішімдік ішу тез алжуға әсер етуі мүмкін екенін анықтады
Мемлекеттің қызметі – халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту - Сапарбай Жобаев
Ұйқының жеткіліксіздігі есте сақтау мен ойды басқару қабілетін нашарлатады – зерттеу
Ұшақ апаты: Ақтауда жолаушыларға көмектескендер марапатталды
Ұлыбританияда 6 айлық нәресте айына 45 мың доллар табыс табады
Қолайсыз ауа райы: жолға шығарда қандай сақтық шарасын сақтау керек
Метапневмовирус: елімізде ауру тіркелді ме
Ұлттық ұланда жаңа оқу кезеңі басталды
Бір жылда Қазақстанда 702 мың рет уағыз айтылған
Саяси және әлеуметтік-экономикалық жетістіктер: Президент сұхбатында қамтылған басты мәселелер қандай
Қызылорда әуежайы вьетнамдық компанияға берілмек: жаңа мәлімет
«Бір жылда 702 мың рет уағыз айттық»: Мүфтият қызметкерлері былтыр қалай жұмыс істеген
Алматыда күзетшіні азаптап өлтірді деген күдікке ілінген экс-прокурордың ұлының ісі сотқа жетті
Апатты үй: Атырау облысында тұрғындарға пәтер кілті тапсырылды
Қазақстан тағы бір елмен өзара визасыз режим енгізеді
Баспаналы боласыз: Өскеменде 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды