«Алматы-Өскемен» автомагистраліндегі жол апатынан аман қалған бүлдіршіннің бірі санавиациямен Талдықорғанға жеткізілді. Төрт жасар балаға облыстық балалар ауруханасында операция жасалады. Ал оның інісі мен анасына Сарқан ауданында ем-дом көрсетіліп жатыр.