Енді жүк көліктері елді мекен ішінде сағатына 50 шақырым жылдамдықтан артық қозғала алмайды. 23 қарашадан бастап елімізде жол ережелеріне кіріктірілген бірқатар өзгерістер күшіне енді. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жаңа ереже жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттырып, жол-көлік оқиғалараның санын азайтуды көздейді. Елдегі жол ережелеріне тағы қандай өзгерістер мен толықтырулар енгізілді?