Сурет:Ашық дереккөз 16–17 желтоқсан – қазақ тарихының ең ауыр беттерінің бірі. Бұл күндер тәуелсіздіктің салтанатты тойы емес, ұлттың жүрегіне түскен жараның ашық тұрған уақыты. Сол себепті бұл даталарды қаралы күн деп жариялап, мемлекеттік туды төмен түсіріп, Желтоқсан көтерілісінде қаза тапқан боздақтарға Құран бағыштап, үнсіз тағзым ету – тарихи әрі адамгершілік тұрғыдан ең әділетті қадам болар...