Қарағандыда жаппай газ тарту жұмыстары жүріп жатыр. Қалада бесінші газ бөлу кешені пайдалануға берілді. Соның арқасында тағы 2700 жер үй көгілдір отынмен қамтылды. Жаңа желінің ұзындығы 110 шақырым.