Журналист Асхат Ниязов Балқаш қаласының көшелерінде жүрген тұрғындардан облыс әкімі жайлы пікірлерін сұрады. Бұл кезде әкім қарапайым киім үлгісінде журналистің жанында болған деп жазды turkystan.kz. Сондай сауалнама кезінде түсірілген кадрлар әлеуметтік желіде тарап жатыр. Видеода тілші жол бойында жұмыс істеп жатқан коммуналдық мекеме қызметкерінен облыс әкімінің аты-жөнін сұраған. «Білмеймін. Газеттен оқығанмын, ұмытып тұрмын. Кеше тұрғындарды …